(1896–1937) Ақмола уезі (қазіргі Қарағанды облысының Нұра ауданы) №1 ауылда туған. Бастауыш орыс мектебінде оқыған.  Ақпан революциясынан кейін С.Сейфуллинмен бірге Ақмолада Совет өкіметін орнатысып, «Тіршілік» газетін шығаруды ұйымдастырады. Колчактар оны тұтқынға алып, «Анненковтың азап вагондарында» зарықтырады. 
1919 жылы түрмеден қашып шығады. Азамат соғысы жылдарында ол Қиыр Шығыстағы Приморск армиясының полк комиссары болады. 
1921 жылы Қазақстанға қайтып келеді. Ақмола губерниялық партия комитетінде жұмыс істейді. 
1922–1925 жж. ол РК(б)П қазақ облыстық комитетінің хатшысы және білім бөлімінің меңгерушісі болады. 
1926 жылы Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясына оқуға түсіп, оны бітіргеннен кейін жауапты қызметтер атқарады. Мақалалары мен очерктері «Тіршілік», «Еңбекші қазақ», «Советская степь» газеттері мен «Қызыл Қазақстан» журналында жарияланып тұрды.