Өртенген үй орнында
Өскен жалғыз қызғалдақ.
Кез боп қалдың жолымда,
Аялдаттың азырақ.

Өртенген үй жұртында
Қып-қызыл боп желбіреп.
Қалай өстің сен мұнда?
Нендей сыр бар, нендей кеп?

Қансың ба әлде тамған бір
Күнәсіз жас жүректен?…
Сен екенсің жас өмір
Ескі жұртты күзеткен?…