Орындалып жатса да бүкіл арман,
Талайды қу қара жер жұтып алған.
Қақ-соқта шаруасы жоқ қауақ бас қып,
Жаратыпсың оған да, шүкір Аллам.

Ақын боп нең бар еді, ақымақ-ай,
Айтудай-ақ, айтты ғой һәкім Абай.
Сүйкімді көрінетін перизатым,
Сүйкей салған өлеңге татымады-ай.

Кеудемді күмбірлеткен, күй ағын боп,
Сұлуға кетуші еді қиялым көп.
Үлбіреп өзі үзіліп түспесе егер,
Қыздарға аса менің зияным жоқ.

Шайырды сойқан дейтін, сорлы адам жүр,
Түсіне алмай кетеді-ау, оңбаған бір.
Ала-құла қайтейін күй кештірсе,
Анау-мынау адамға қонбаған жыр.